|
16.09.2023 | 18:06
6075

Қала күнін мерекелеу аясында Алматы аудандарында қандай іс-шаралар өтеді

Бірнеше концерттік бағдарлама жоспарланған

Қала күнін мерекелеу аясында Алматы аудандарында қандай іс-шаралар өтеді әкімдіктің баспасөз қызметі / пресс-служба акимата

Қыркүйектің әр үшінші жексенбісінде Алматыда қала күнін атап өтеді. Биыл салтанатты мерекелер 17 қыркүйекте Республика сарайы алдындағы Абай атындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала күні мегаполистің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан жандарды «Алматының Құрметті азаматы» атағымен марапаттау сынды мерекелік іс-шара өтеді.

17 қыркүйекте жоспарланған іс-шаралар:

Сағат 12:00-20:00 аралығында қаланың 8 ауданында және Панфилов пен Жібек жолы көшесінде «Туған күніңмен, Алматым!» фестивалі өтеді. Мерекенің жалпы тұжырымдамасына сәйкес фестиваль бағдарламасы түрлі аймаққа бөлінеді: командалардың қойылымы, жас әртістердің концерті, қолөнершілер жәрмеңкесі, заманауи өнер көрмесі, «Кино» кафесінде кино көрсетілімдері, жергілікті суретшілер мен дизайнерлердің шеберлік сыныптары.

Сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Тұңғыш Президент саябағында Apple Fest өтеді, екі күнге ол алып алма саябаққа айналады. Фестиваль бағдарламасында алма базары, қалалық мейрамханалар жәрмеңкесі, спорттық және концерттік бағдарламалар жоспарланған. Облыстық шаруашылықтар сататын алма өткен жылғы 100 тоннадан 127 тоннаға көбейеді.

Абай алаңында сағат 10:00-де салтанатты іс-шара – «Алматы қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі тапсырылады.

Сағат 15:00-де Астана алаңында «Сағындым Алматымды» музыкалық фестивалі өтеді.

Сағат 20:00-де Абай алаңында «Алматы жұлдыздары» музыкалық фестивалі өтеді.

Алматы қаласының аудандарында өтетін салтанатты іс-шаралар:

Жетісу ауданында сағат 17:00-де Айнабұлақ шағынауданындағы Арбатта және 17 қыркүйек сағат 12:00-де «Гүлдер» саябағында мерекелік концерт өтеді.  

Әуезов ауданында 17 қыркүйекте сағат 17:00-де Family park демалыс саябағында қуыршақ театры мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Туған күніңмен, Алматым!» мәдени іс-шара өтеді.

Түрксіб ауданында 16-17 қыркүйекте сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін №6 Оқушылар үйі алаңының алдында «Туған күніңмен, Алматы» мерекелік іс-шарасы өтеді. Кеш қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары, акробаттар, бишілер мен сиқыршылар, сонымен қатар сәбилерге арналған қуыршақ театры және танымал «Ұлытау» этно-рок-тобы өнер көрсетеді.

Алмалы ауданында 16 қыркүйекте сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «Мега парк» СОО аумағында «Туған күніңмен, Алматы!» мерекелік іс-шара өтеді.

Наурызбай ауданында ауданның эстрадалық жұлдыздары мен дарынды балаларының қатысуымен «Алматы – болашақ қаласы» мерекелік концерті 16 қыркүйекте сағат 11:00-де және 17 қыркүйекте сағат 19:00-де Шұғыла шағынауданындағы аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді.

Бостандық ауданында 16 қыркүйекте сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін MEGA Alma-ata СОО амфитеатрында жас орындаушылардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Алатау ауданында 16 қыркүйекте «Алатау» дәстүрлі өнер театр аумағында сағат 18:00-де «Асыл мұра» дәстүрлі музыкасының мерекелік кеші, ал 20:00-де «Дос-Мұқасан» тобы өнер көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Алматы жылыту маусымына дайын

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир