2024 жылы Алматының Бостандық ауданында 3 шақырымнан астам желі салу жоспарлануда

07.03.2024 14:59

Нұрлытау шағынауданын сумен қамтамасыз ету үшін желі тартылады

Almaty TV

2023 жылы Бостандық ауданында 3,5 км су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту аяқталды. 2024 жылы тағы 3,2 км желінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен есептік кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.  

Оның айтуынша, ауданның жоғарғы бөлігінде тұратын аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Ерменсай шағынауданында тәулігіне 9 мың текше метр су тарту құрылысын салуға ЖСҚ әзірленуде.

Сонымен қатар, Нұрлытау шағынауданын сумен қамтамасыз ету үшін желі тарту (62 км) және су бұру (34 км) желілерін салуға ЖСҚ әзірленуде.

Оқи отырыңыз: Алматының Бостандық ауданында 7,5 км инженерлік желі қайта жаңартылады