Халық қатысатын бюджет: Бостандық ауданында жобалар қалай жүзеге асырылуда

07.03.2024 15:02

Биыл бағдарлама бойынша 2,8 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

2023 жылы Бостандық ауданында аулалардағы спорт және балалар алаңдарын жөндеуді, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды қамтитын 800 млн теңгенің 16 жобасы іске асырылды. Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында кез келген тұрғын өз ауданын абаттандыру бойынша өз идеясы мен ұсынысын іске асыра алады.

- Биыл жаяу жүргіншілер, серуендеу және саябақ аймақтарын абаттандыру, балалар, спорт алаңдарын жөндеу және ауданды абаттандыру бойынша 50 жаңа жобаны жүзеге асыру үшін сома 2,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұлардағы жұмыстарды аяқтау мерзімі - 2024 жылдың соңы, - деді Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуде Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Мектеп автобусы ерекше қажеттіліктері бар балаларды бөбекжайдан тасымалдайды