Алматыда картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат бағасы тұрақталады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл ретте сатушының сауда үстемесі 10%-дан аспайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде «Алматы» ӘКК «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен ӘМАТ-тың төрт позициясын сатып алуға қарыз шартын жасасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың арасында картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат бар.

Көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 30 сәуірге дейін жүзеге асырылады.

Сатып алынатын ӘМАТ жалпы көлемі 10 мың тоннаға жетеді. Көкөніс өнімдері Алматы, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарының тауар өндірушілерінен сатып алынып, "Магнум" сауда желісі арқылы келісім бойынша төмендетілген бөлшек бағамен сатылатын болады. Бұл ретте сатушының сауда үстемесі 10%-дан аспайды.

Оқи отырыңыз: Биыл қанша қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

Новости партнеров