Almaty TV ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты
AlmatyTV
Журналистер телеарна ғимаратының аумағын және іргелес жатқан аймақты тазалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
"Алматы" телеарнасының ұжымы Birge – taza Qazaqstan республикалық акциясы аясында өтіп жатқан жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Журналистер телеарна ғимаратының аумағын және іргелес жатқан аймақты тазалады.
Айта кетейік, жалпықалалық сенбілік сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін өтеді.
Қала аудандары бойынша сенбілік өтіп жатқан орындар:
- 1) Алатау ауданындағы «Сосновый бор» экопаркінде жаппай ағаш отырғызу және іргелес жасыл аймақтардағы аумақты жинау жоспарланған.
- 2) Алмалы ауданында сенбілікті Сайран көлінің шығыс жағалауында жаппай өткізу жоспарланған.
- 3) Әуезов ауданында – Сайран көлі мен Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауында Жандосов көшесінің оңтүстігінде.
- 4) Бостандық ауданында – Абай даңғылының бөлу жолағы бойынша.
- 5) Жетісу ауданында - Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында.
- 6) Медеу ауданында – «Восточка» ТК артындағы Казачка өзенінің, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында, ШААЖ-нан Диваев көшесі бойымен «Таулы қырат» кентіне дейін.
- 7) Наурызбай ауданында – Қарғалы өзені аумағындағы Абай даңғылы және Байбақ батыр көшесінің солтүстігіндегі Қарғалы өзенінің айналасы.
- 8) Түрксіб ауданында – Петрозаводская және Майлин көшелеріндегі жыралардың бойы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33