Биыл Алматыда 35 мың көше шамы қалпына келтіріледі

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қалада сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіру жалғасып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ескі шамдарды жаңасына ауыстыру және істен шыққан шамды жөндеу жоспарланған. Жарықтандыру саласындағы жұмыс көлемі 2,5 есеге ұлғайды, 2023 жылы 12700 жарық нүктесі қалпына келтірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» МКК хабарлады. 2024 жылдың басынан бастап Рысқұлов-Күдерин, Халиуллин-ШААЖ, Сайын-Рысқұлов көшелеріндегі жолайырық мен тоннельдегі жарықтандыру қалпына келтірілді. Аталған учаскелерде барлығы 45 шам ауыстырылды. Былтыр мегаполисте барлығы 6,5 мың жарық нүктесі ауыстырылды.

Қалада сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіру жалғасып жатыр. Күн сайын Алматы қаласының 8 ауданына 25-тен 31-ге дейін техника және ауысым бойынша 90-нан астам маман қызмет көрсетеді. Бұл жұмысқа қосымша 10 гидравликалық көтергіш тартылды. Қазір мұндай 30-дан астам автомұнара бар.

2024 жылдың басынан бастап «Алматы Қала Жарық» МКК диспетчерлік пункті Алматы қаласының тұрғындарынан барлығы 2600-ден астам өтінімді пысықтады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне 357 бағдаршам қосылады

Новости партнеров