Алдағы аптада Алматы мен Алматы облысының бірнеше тұрғын алаптарын суық сумен жабдықтаудан ажыратуды жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы су» МКК сілтеме жасап.
Бұқтырма көшесі мен Құлжа жолы қиылысында жол-көлік айрығын салу жөніндегі жұмыстар шеңберінде үш кезеңде құрылыс орындарының астынан Д-1400 мм, Д-1200 мм су тартқыштарын шығару жұмыстары орындалатын болады.
Жұмыстарды жүргізудің 1 кезеңі кезеңінде 9 қазанда сағат 00:00-ден 10 қазанда сағат 22:00-ге дейін төменде көрсетілген аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:
- Түрксіб ауданы, Қайрат шағынауданы, Нұршашқан шағынауданы
- Медеу ауданы Medey city, Family Comfort ТК
- Алматы облысының Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч Востока, Тұздыбастау, Тузусай, Бірлік, Бесағаш кенттері, оның ішінде Нұрия, Достар, Алма Тау, Бесағаш, Hayat Apartaments, Ashyq Tobe тұрғын үй кешендері;
- Құлжа трактінің бойында орналасқан коммерциялық нысандар (тамақтану орындары, базарлар, Автосалондар және т.б. )
- Атырау -1, 2, 3 шағынауданында желілеріндегі су қысымының төмендейді.
12 қазан сағат 00:00-ден 13 қазан сағат 22:00-ге дейін келесі тұтынушылар сусыз қалады:
- Түрксіб ауданы, Nomad city ТК,
- Медеу ауданы Medey city, Family Comfort ТК
- Алматы облысының Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч Востока, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш кенттері, оның ішінде "Нұрия", "Достар", "Алма Тау","Бесағаш", "Hayat Apartaments", "Ashyq Tobe"тұрғын үй кешендері;
- Құлжа трактінің бойында орналасқан коммерциялық нысандар (тамақтану орындары, базарлар, Автосалондар және т.б. )
- Атырау -1, 2, 3 шағынауданында желілеріндегі су қысымының төмендейді.
Жұмыстың соңғы 3 кезеңін орындау шеңберінде 16 қазан сағат 00:00-ден 17 қазан сағат 22:00-ге дейін сумен жабдықтау мынадай мекен-жайлар бойынша болмайды:
- Түрксіб ауданы, Нұршашқан шағын ауданы, Nomad city ТК
- Алматы облысы, Талғар ауданы "Аспан Сити" ТК
Еске салсақ, кеше Алматыда Бухтарминская көшесі мен Құлжа трактісі қилысындағы жолайрығы бойынша 4 жолақты қозғалысы бар Бухтарминская көшесінің тоннелді бөлігі ашылды. Жоба Бұқтырма көшесі бойымен автокөліктің өту қабілетін 15%-ға, Құлжа тасжолы бойынша 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде осы жоба аясында Құлжа трактісі бойынша эстакаданың аралық құрылысын, Бухтарминская көшесіндегі тоннель бөлікті, съездер мен түйіспелерді салу бойынша жұмыстар аяқталды, ал бұл көлік торабының өткізу қабілетін бес есеге арттырады. Сондай-ақ су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, абаттандыруды ескере отырып, осы көлік айрығының құрылысын толық аяқтау ағымдағы жылдың қазан айының соңына жоспарланған.