Жетісу ауданында 65 автобус жаңасына ауыстырылады

28.03.2024 16:04

Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты

elements.envato.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуде баяндама жасап, аудандағы жол-көлік инфрақұрылымындағы дамудың оң динамикасын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, 2023 жылы тұрғындардың өтініші бойынша автобус маршруттарының бір бөлігі түзетіліп, ұзартылды, сондай-ақ қараша айында метроның  "Райымбек батыр" станциясынан Алматы облысының Іле ауданындағы "Gate City" ТК-не дейін қатынайтын интервал аралығы 8 минуттық жаңа №89 қалалық бағыт іске қосылды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 12 маршрут жолаушылардың жайлылығы үшін қосымша жылжымалы бірліктермен – 51 автобуспен күшейтілді және 11 маршрутта 131 автобус толығымен жаңартылды.

"2024 жылдың наурыз айының соңына дейін 3 маршрутта жайлылықты арттыру үшін 65 жаңа автобус есебінен жылжымалы құрамды толығымен жаңарту жоспарлануда", – деп нақтылады сөзін Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Жетісу ауданында былтыр «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 40 жоба жүзеге асырылды