Алматының Жетісу ауданында 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды

28.03.2024 16:11

Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен есептік кездесу барысында мәлімдеді

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Жетісу ауданы - Алматыда өнеркәсіп және сауда көлемі бойынша көшбасшылардың бірі. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен есептік кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, 2023 жылы Жетісу ауданында өнеркәсіп көлемі 25,2%-ға, көтерме сауда 77%-ға өсті. Аудан экономикасына шамамен 100 млрд теңге инвестиция салынды, оның өсімі 30,4%-құрады.

"Бұл Алматы қаласының бюджетіне салық түсімін 33,6%-ға ұлғайтуға және 4 809 жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді", - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Алматының Жетісу ауданында 9,4 мыңнан астам заңды тұлға тіркелген, олар 44 мыңнан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ 30,8 мыңнан астам шағын және орта кәсіпорын жұмыс істейді.

Алматы әкімі хабарлағандай, соңғы 2 жылда Жетісу ауданының бюджеті 2023 жылдың басындағы 7,5 млрд теңгеден 2024 жылы 20,5 млрд теңгеге дейін 2,7 есеге ұлғайтылды, олар инженерлік, әлеуметтік және жол инфрақұрылымын дамытуға басым бағыт беруде.

Оқи отырыңыз: Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағы пайда болады