Наурызбай ауданында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы салынады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шұғыла шағынаудан тұрғындарының өтініші бойынша балалар және спорт алаңдары бар ұзындығы 350 м жаяу жүргіншілер аймағы жабдықталатын болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыстар осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады. Жаңа демалыс аймағы  Шұғыла шағынаудан тұрғындарын қамтамасыз етеді әрі демалуға және жайлы серуендеуге қолайлы жағдай жасайды.

«Халыққа қатысатын бюджет» аясында Наурызбай ауданында жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 40 жоба іске асырылатын болады. Бұл қоғамдық кеңістіктерді, тротуарларды жайластыру, жарықтандыру желілерін қалпына келтіру, автоматтандырылған суару жүйесі, көгалдандыру жобалары. Сонымен қатар  осы жылдың қараша айына дейін 16 аула аумағы жөнделеді. Осы мақсаттарға қосымша 380 млн теңге бөлінді.

Жалпы Алматыда ағымдағы жылы «ХҚБ» жобасына 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Қала тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алады.

Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданында екі жаңа емхана салынады

Новости партнеров