2024 жылы өңдеу өнеркәсібінің 5% деңгейінде өсуі болжануда
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматыда тамақ өнеркәсібі өндірісінің өсу қарқыны қалпына келтірілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметі бойынша, азық – түлік өндірісінің индексі биылғы жылдың басынан бастап 84,6% - дан 88% - ға, сусындар 56,9% - дан 87% - ға дейін өсті.
Жалпы, 2024 жылы өңдеу өнеркәсібінің 5% деңгейінде өсуі болжануда. Бұл ретте Алматының өңдеу өнеркәсібінде ең үлкен үлесті автомобиль жасау – 34,8%, тамақ өнімдерін өндіру – 18,3% және сусындар 5,8% иеленді.
Оқи отырыңыз: Алматы экономикасы тұрақты өсімді көрсетті