Алматының Медеу ауданында тұрақты су басатын 7 орынды жою жұмыстары аяқталды. Қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде осындай мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.
273 м арық желілерін қайта жаңарту және салу жүргізілді. Олар қолданыстағы коллекторларға қосылып, өткел салынды. Сондай-ақ 31 көшеде (23,6 км) арық желілерін салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар келесі жылдың IV тоқсанында аяқталады.
Еске салсақ, 2022 жылы қала әкімнің тапсырмасы бойынша Алматыдағы барлық су басу учаскелеріне терең талдау жүргізілді. Мамандар су басып қалатын 102 аймақты, 56 жер учаскесін анықтады. Олар жедел жөндеуді немесе қайта құруды қажет етеді. Бүгінде бұлардағы барлық жұмыстар аяқталды. Тек 4 нысанда мамандар абаттандырумен және асфальт төсеумен айналысады, қ бұл процестер 30 маусымға дейін аяқталады. Тағы 46 учаске-су басуы мүмкін қауіпті аймақтар. Олар бойынша 2023 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.