Алматының алдағы 3 жылға арналған бюджеті әлеуметтік бағдарын сақтайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді.
- Егер 2022 жылдың соңында әлеуметтік саланың бюджеті 506,4 млрд теңгені құраса, 2023 жылы ол 160 млрд теңгеге – 2023 жылдың қарашада 665 млрд теңгеге дейін өсті. 2024 жылы әлеуметтік салаға 726 млрд теңге бөлу жоспарлануда, бұл Алматы қаласының бюджет шығыстарының 44,7% құрайды, - деді Ерболат Досаев.
Қала басшысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және модернизациялауға, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 10 айда 13,1% өсті