Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 13,1% өсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді.
- Биыл Алматы қаласын дамытудың жаңа бағдарламасын іске асырудың бірінші жылы. 10 айда Алматы экономикасының серпінді өсуі қамтамасыз етілді. Қысқамерзімді экономикалық индикатор 13,1% өсті. Өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау экономиканың өсу драйверлеріне айналды, - деді Ерболат Досаев.
Биыл 11 айда жылдық инфляция 10,5% дейін баяулады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасының өсуі осы жылдың басындағы болжанған 5% өсуімен салыстырғанда 6,5% дейін жеделдейді деп болжанып отыр.
Оқи отырыңыз: Метродағы қауіпсіздік: 100 мыңға жуық алматылық жерасты көлігін пайдаланады