Алматыда Түркістан облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Алматылықтарға өзінің өнімін Түркістан облысының 14 ауданы мен 2 қаласының фермерлері ұсынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылғы 23-24 қазанда Алматыда Түркістан облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді. Алматылықтарға өзінің өнімін Түркістан облысының 14 ауданы мен 2 қаласының (Арыс, Кентау) фермерлері ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Фермерлер ұсынатын ассортимент ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдерінің, сондай-ақ ұн, жармалар, өсімдік және жануарлар майы мен басқа да өнімдердің 50-ден астам атауын қамтиды.

Өнімнің жалпы көлемі 367 тоннаны құрайды:

• ет өнімі – 55 тонна;

• жеміс-көкөніс өнімі – 190 тонна;

• сүт өнімі – 25 тонна;

• балық өнімі – 5 тонна;

• өзге де өнімдер – 92 тонна.

Жәрмеңке сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Шевченко көшесінің бойында Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі («Ғылым ордасы» РМО Археология мұражайына қарама-қарсы) мекенжайда өтеді.

Новости партнеров