Жоспарлы қозғалыс аралығы 8 минутты құрайды
Алматыда №76 жаңа автобус бағыты іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Наурызбай ауданы тұрғындарының көптеген өтініші негізінде қалалық мобилділік басқармасы жаңа тұрақты бағыт ұйымдастырды.
№76 бағыты «Алма Сити-5»ТК» – Алатау даңғылы – Төле би көшесі – Әшімов көшесі – Райымбек даңғылы – Кудерин көшесі – Солтүстік айналым– «Сәлем» базарына қатынайды. «Әділет Авто» ЖШС қызмет көрсетеді.
Бағытта 2023 жылы шыққан ISUZU маркалы 14 автобус жүреді. Мұндағы жоспарлы қозғалыс аралығы 8 минутты құрайды.
Айта кету керек, Алматы әкімдігі осы жылы қосымша 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алуды жоспарлауда. Сонымен қатар жеке тасымалдаушылар 400-ге жуық жаңа автобус пен 15 электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Қабылданған шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл ретте автобустардың орташа жасы 3 жылды құрайды.