"Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асырылуда
Алматыда 2023 жылы Алматыда 17 мектеп және 5920 орынды 4 қосалқы нысан ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді.
- 2023 жылы Президенттің тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру басталды. "Samruk-Kazyna Construction" АҚ желісі бойынша 13 мектептің құрылысы басталды және жеке инвесторлармен барлығы 37 100 орынды 9 мектепті салу мен сатып алу жөніндегі меморандумдарға қол қойылды, - деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша 2024 жылы Алматының жеке даму бағдарламалары аясында 2 мектеп пен 4 қосалқы нысан құрылысын аяқтау, сондай-ақ 3 мектепті реконструкциялау жоспарлануда (№59, №155, №189), олар Бостандық, Әуезов және Түрксіб аудандарында орналасқан.
2023 жылдың соңына дейін кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізу барлық 206 мемлекеттік мектепте,8 интернат және 194 мемлекеттік балабақшада аяқталады.
Сондай-ақ Алматы әкімі 138 мың оқушы (олардың жалпы санының 45%) және 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік балабақшаларда ХӘОТ отбасыларынан шыққан 5,7 мың бала 20,9 млрд.теңге сомасына тегін тамақпен қамтамасыз етілгенін хабарлады. Бұл жұмысты жалғастыруға 2024 жылы 20,8 млрд теңге қарастырылады.
Оқи отырыңыз: Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 10 айда 13,1% өсті