Мұқтаж алматылықтардың коммуналдық қызметтер бойынша 80 млн теңге қарыздары алынып тасталды

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz
Аталған шараға 79,9 млн теңге жұмсалады және онымен 5055 адам қамтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мұқтаж қалалықтардың жекелеген санаттарын қолдау мақсатында коммуналдық қызметтер бойынша қарыздары алынып тасталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл шара халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қалалықтарға қатысты.

Қаланың «АЛТС» және «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорныдары жергілікті бюджеттің есебінен төленген жылудың, ыстық және суық судың дебиторлық қарыздарын есептен шығарды.

Аталған шараға 79,9 млн теңге жұмсалады және онымен 5055 адам қамтылды, олар мына санаттағы тұлғалар:

- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектері — 78 061 тг бойынша 11 адам;

- еңбек майданына қатысушылар — 4 659 507 тг бойынша 840 адам;

- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілгендер — 1 520 764 тг бойынша 115 адам;

- басқа мемлекеттерде болған соғыстардың ардагерлері — 1 881 004 тг бойынша 49 адам;

- кәмелетке толмаған 4 немесе одан көп балалары бар көпбалалы отбасылар — 15 898 519 тг бойынша 462 адам;

- бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер — 37 619 113 тг бойынша 2 709 адам;

- атаулы әлеуметтік көмек алатындар — 6 735 501 тг бойынша 224 адам;

- ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер — 7 770 687 тг бойынша 211 адам;

- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар — 2 438 187 тг бойынша 346 адам;

- асыраушысынан айрылғаны үшін жәрдемақы алатын отбасылар — 1 271 369 тг бойынша 88 адам.

Новости партнеров