Алматыда фестивальдар мен форумдарға бөлінетін қаржы қысқарды

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Бұл туралы Алматы мәслихатының кезекті сессиясы барысында қалалық қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының 98 млрд теңге сомасына жергілікті бюджетін нақтылау өткен жылдан бергі бос қалдықтарды пайдалану және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу есебінен жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша фестивальдар, форумдар мен түрлі имидждік іс-шараларды өткізуге шығындар қысқартылды. Бұл туралы Алматы мәслихатының кезекті сессиясы барысында қалалық қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.

«Әлеуметтік салаға 2024 жылғы бюджет шығыстарының 31%-ы бағытталуда-бұл 30,4 млрд теңге. Білім беру саласына 20,8 млрд теңге қарастырылған, ол 13 мектепке инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға, Шұғыла ш/а туберкулездің белсенді емес түрімен ауыратын балаларға арналған санаторий үлгісіндегі жатақханасы бар 340 орындық жаңа мектеп салуға, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжін жаңартуға, сондай-ақ №58, 73, 83 мектептерді және республикалық физика-математика мектебінің ғимаратын реконструкциялауға арналған», - деп қосты Қанат Сухамбеков.

Бұдан басқа, биыл Алмалы, Бостандық, Алатау және Медеу аудандарындағы 5 мектепті күрделі жөндеумен сейсмикалық күшейтуге қосымша 2,7 млрд теңге көзделетін болады. Наурызбай ауданындағы Шұғыла, Құрамыс шағынаудандарында әрқайсысы 320 орындық 2 балабақша құрылысы жалғасады.

«Денсаулық сақтау саласында ұзақ уақыт ішінде алғаш рет 11 нысанға күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Бұл мақсаттарға бюджеттен 5,6 млрд теңге қарастырылған. Мәдениет және спорт саласын дамытуға 3,3 млрд теңге қарастырылған», - деп түйіндеді сөзін Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды

Новости партнеров