Алматыда «Терренкур» саябақ аймағы қайта жаңартылуда. Бұл туралы мәслихаттың Алматы бюджетін нақтылау жөніндегі кезекті XV сессиясында қалалық қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, Нижняя пятилетка, Құрылысшы және Өжет ш/а 25 мыңнан астам тұрғынын инженерлік инфрақұрылыммен, оның ішінде 115,5 км сумен жабдықтау желілерімен, 31,8 км су бұру желілерімен және 5 кәріз сорғы станцияларымен 1,2 млрд теңге бөлу қажет.
«2024 жылы 31 км иесіз қолданыстағы электр желілерін қайта жаңарту және 21 трансформаторлық қосалқы станция құрылысы аяқталады. Бұл Наурызбай ауданының 15 мыңға жуық тұрғынын үздіксіз электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жылу желілерінің тозуын азайту мақсатында қаланың Әуезов, Жетісу, Бостандық және Түрксіб аудандарында жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге 6 жылумен жабдықтау нысаны қайта жаңартылады», - деп атап өтті қаржы басқармасының басшысы.
Сондай-ақ қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасын іске асыру аясында биыл Алатау ауданындағы «Рахат – Мәдениет» ш/а электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы басталады. Болашақта бұл Алатау ауданының 10 мың тұрғынын үздіксіз электрмен жабдықтаумен қамтамасыз етеді.
«Қаланы абаттандыруға 10,3 млрд теңге қарастырылған. Тоған бойында серуендеу жолы бар кең демалыс аймағы орналасқан «Терренкур» саябақ аймағының көлінің айналасындағы учаскені қайта құру жүргізіледі. Сондай-ақ Алмалы, Әуезов, Жетісу, Медеу және Наурызбай аудандарындағы аула аумақтарына ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілетін болады», - деп атап өтті Қанат Сухамбеков.
Оқи отырыңыз: Алматыда қала басшысының тапсырмасы бойынша фестивальдар мен форумдарға бюджет қысқарды