"Көк базарды" модернизациялау басталды. Бұл жөнінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қала басшысы базарды жаңғырту жұмысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланғанын атап өтті.
- Желілерді реконструкциялау, орталық кіре берістің алдындағы бетон жабындыны жаңарту, тірек конструкцияларын күшейту, аумақты абаттандыру жоспарлануда,- деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Әкім модернизация кезінде қала тұрғындары мен туристер жиі баратын танымал орынның бірі жабылмайтынын айтты. Жұмыс шағын аумақтарда жүргізіледі. Реконструкция шығынын базар иесі көтереді.
Оқи отырыңыз: Досаев мейрамханаларға бақылауды күшейтеді