Қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы жақсарады

15.03.2024 15:21

Алатау ауданында 30 автобус наурыз айының соңына дейін жаңартылады

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алатау ауданында 30 автобус наурыз айының соңына дейін жаңартылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

2023 жылдан бері Алатау ауданында 497 жаңа автобус және №19 бағыты бойынша 10 троллейбус тасымалдаумен айналысады. Бұл туралы аудан әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Оның айтуынша, 19 бағыттың құрамы толығымен жаңартылып, 7-і күшейтілді, қосымша 10 жаңа бағыт қосылды.

- 2024 жылы наурыздың соңына дейін қолайлы жағдай жасау мақсатында №120 бағыттың құрамын 30 автобуспен жаңарту, сондай-ақ 3 бағыттың (№16, 50, 123) құрамын ауыстыра отырып, 39-дан 62-ге дейін жаңа автобуспен күшейту жоспарланады, - деген Ерболат Досаев.

2024 жылы №133 маршруттың құрамын толығымен экологиялық таза газбен жүретін 18 үлкен автобуспен жаңарту жоспарланып отырғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет аясында 50-ден астам қоғамдық кеңістік құрылды