Алматыдағы Наурызбай ауданын абаттандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр

inform.kz
inform.kz
Ауданда тұрақты су басатын 6 учаске анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде ауданды абаттандыру жұмыстары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, тұрақты су басатын жерлерді жою үшін ауданда 6 учаске анықталды. 4 учаске бойынша жұмыстар аяқталды: ұзындығы 1100 метр Ойжайлау өзенінің арнасы нығайтылды; ұзындығы 800 метр 3 көшенің - Төлебеков, Талжанов, Жадыра көшелеріне арық желісі салынды.

"Биылғы қараша айының соңына дейін Райымбек даңғылындағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінен Ақсай өзенінің арнасына дейін ұзындығы 1400 м және Сәбденов көшесіндегі арық желісін абаттандыру аяқталады", -деп мәлімдеді қала әкімі.

Сондай-ақ, жоспарланған 11 км болатын 7 көшеден Карьерная, Дәулеткерей және Егінсу атты 3 көшенің арық желілері салынды. Қалған Рымжанов, Аспандияров, Айболит, Сейтбеков атты 4 көшенің жұмыстары осы жылдың қараша айы соңына дейін аяқталады.

4 800 ағашты санитарлық кесу және 40 авариялық жағдайдағы ағашты санитарлық отау жұмыстары жүргізілді.

Новости партнеров