Алматылықтар үйдің шатырын мұздан тазарту үшін қайда хабарласа алады

13.01.2023 16:22

Қауіпсіздік мақсатында үйдің шетіне жақын тұрмаңыздар

ашық дереккөзден

Алматы қаласында ауа температурасының төмендеуіне байланысты көпқабатты тұрғын үйлердің шатырында сүңгі мұз пайда болуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Егер үйдің төбесінен сүңгі мұз байқасаңыз, қауіптің алдын алып, уақытылы тазарту үшін үйіңізге қызмет көрсететін басқару органына (МИБ, ПИК, ЖШС т.б.) хабарласуыңызды сұраймыз. Қауіпсіздік мақсатында үйдің шетіне, балконға және қардың еруі және сүңгі мұз құлауы мүмкін т.б. жерде тұрмаңыз, ескерту таспасымен қоршалған жерді айналып өту керек. Егер қызмет көрсетуші орган өтінішке құлақ аспаса, Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының +7 (727) 225-14-31 нөміріне, сонымен қатар, төмендегі телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз", - делінген хабарламада.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма; сағат: 9:00-18:00-ге дейін