Боралдай шағынауданында биыл магистралды жүйе құрылыс жүріп жатыр. Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында Ерболат Досаев халық сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мен Боралдай шағынауданында тұрамын. Бұрын Іле ауданы болған. 2011 жылы қалаға кірдік. Бізге су 39 мектеп-гимназиясынан келеді. Мектептен кішкентай құбырмен су тартылған. Енді осы және кәріз мәселесі қашан шешіледі?" - деді аудан тұрғыны.
"Боралдай шағынауданында биыл магистралды жүйе құрылыс жүріп жатыр. Осы құрылыс аяқталған соң, ішке кіретін желілерді ендігі көктемде сәуір айында бастаймыз. Су қарқыны бойынша, сіздер суды мектептен алатын болғандықтан, оның қарқыны төмен. Распредсеть келгеннен кейін сіздерді сонда қосып, мектеп суынан ажыратамыз. Бұл жұмыс келесі жылы сәуірде басталады," - деді қала әкімі.