|
14.08.2024 | 11:24
1115

Алматыда Сәбит Мұқанов атындағы саябақ абаттандырылды

Сквер соңғы рет 2016 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жөнделген

Алматыда Сәбит Мұқанов атындағы саябақ абаттандырылды Almaty.tv

Алматының Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет» («ХҚБ») бағдарламасы бойынша Сәбит Мұқанов атындағы саябақ абаттандырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төле би мен Мұқанов көшелерінің қиылысында жайлы әрі шағын скверде жаңа балалар ойын алаңы, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, сыртқы жарықтандыру жаңғыртылып, жаңа көгалдарға автоматты суару жүйесі тартылды, жаяу жүргіншілер аймақтары жаңарды.

Сквер соңғы рет 2016 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жөнделген.

Ескерткіштің жанындағы басты аллеядағы абаттандырылған скверде «Сәбит Мұқанов - сөз және қалам шебері» атты кітап көрмесінің тұсауы кесілді. Жазушы жайлы сөз зергері, ғалымдар мен мәдениеттанушылар әңгімеледі. Іс-шараны «Зейін» шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілері музыкамен сүйемелдеп, қолдады. Ал Алмалы ауданының «Шыңға өрле, биікке самға» әлеуметтік клубының оқушылары атақты жазушының біздің сүйікті Алматы қаласына арнаған өлеңін оқыды.

2024 жылы «ХҚБ» бағдарламасы аясында Алмалы ауданында 12 қоғамдық кеңістік жаңартылуда. Олардың ішінде жаяу жүргіншілер аймағы, скверлер және жасыл аймақ бар. «ХҚБ» бағдарламасы аясында барлығы 52 жоба жүзеге асырылуда. Бұл мақсат үшін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл осы бағдарлама бойынша қаржыландыру 2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир