Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды қалада тәртіпті бірге сақтауға шақырды

Акимат Алматы
Акимат Алматы
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында ағымдағы жылы абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан ауданның бірқатар қоғамдық кеңістіктерінде болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала әкімі Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жаңарған аулалар мен жаяу жүргінші аймақтарының қоғамдық кеңістіктерді нұрландыра түскенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде аумақтарды өзгертуге кешенді түрде қарап, шаң-тозаң болмау үшін барлық бос учаскелерді барынша көгалдандыруды тапсырдым. Биыл ауданда 205 аула, 9 сквер жөнделіп, 5 бос учаске, 2 жағалау аймағы абаттандырылды. №10 ықшамаудандағы жаяу жүргіншілер аймағы жөнделуде», — деп жазды Алматы әкімі.

Айта кетерлігі, Б. Сағынтаев бұл жұмыстардың барлығы тұрғындармен өткен есеп беру кездесулерінде айтылған өтініштер бойынша жасалғанын атап өтті.

«Адамдардың көңіл-күйлерінің қалай жақсарып жатқанын байқау қиын емес. Ықшамаудандар өмір сүруге ыңғайлы болып түрленуде. Ыңғайлы орындықтар, үстел ойындарына арналған үстелдер, балалар алаңдары тұрғындарға ұзақ қызмет етері сөзсіз», — деп атап өткен Б. Сағынтаев қала тұрғындары бұрынғыша өздері тұратын жерді абаттандырып, гүлдер мен ағаштар отырғызуды қолға алса деген ұсынысын білдірді.

«Тәртіпті сақтап, балаларымызға қаламызға ұқыпты қараудың үлгісін көрсетейік», — деді мегаполис әкімі.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Әуезов ауданы. Жаңартылған аулалар мен жаяу жүргіншілер аймағы қоғамдық кеңістікке сән беріп тұр. Ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде аумақтарды өзгертуге кешенді түрде қарап, шаң-тозаң болмау үшін барлық бос учаскелерді барынша көгалдандыруды тапсырдым. Биыл ауданда 205 аула, 9 сквер жөнделіп, 5 бос учаске, 2 жағалау аймағы абаттандырылды. №10 ықшамаудандағы жаяу жүргіншілер аймағы жөнделуде. Мұның бәрі тұрғындармен өткен есеп беру кездесулерінде айтылған өтініштер бойынша жасалуда. Адамдардың көңіл-күйлерінің қалай жақсарып жатқанын байқау қиын емес. Ықшамаудандар өмір сүруге ыңғайлы болып түрленуде. Ыңғайлы орындықтар, үстел ойындарына арналған үстелдер, балалар алаңдары тұрғындарға ұзақ қызмет етері сөзсіз. Қала тұрғындары бұрынғыша өздері тұратын жерді абаттандырып, гүлдер мен ағаштар отырғызуды қолға алса деймін. Тәртіпті сақтап, балаларымызға қаламызға ұқыпты қараудың үлгісін көрсетейік. —— Ауэзовский район. Обновленные дворы и пешеходные зоны преображают общественные пространства. Во время рабочего объезда района поручил комплексно подходить к преображению территорий, максимально озеленять все пустующие участки, чтобы не было пыли и грязи. В текущем году в районе отремонтировано 205 дворов, 9 скверов, благоустроено 5 пустующих участков, 2 прибрежные зоны, идет ремонт пешеходной зоны в мкр. 10. Все это делается по обращениям жителей, озвученным на отчетных встречах. Заметно, как к лучшему меняется настроение людей. Микрорайоны становятся комфортными для жизни. Удобные скамейки, столики для настольных игр, детские площадки будут служить на радость местным жителям не один год. Предлагаю горожанам, как в старые добрые времена, выходить и облагораживать придомовые территории, высаживать цветы и деревья. Давайте вместе поддерживать порядок и показывать детям пример бережного отношения к нашему городу.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)3 Ноя 2020 в 9:20 PST




Новости партнеров