Түркиядағы зілзаладан қаза болғандар саны 114-ке жетті. Ресми ақпаратқа сәйкес жапа шеккендердің көлемі де артып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша 1035 адам жер сілкінісінің зардабын тартқан. Олардың 137-сі ауруханаларда ем алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қас қағым сәтте барлық желіге тараған бұл видео жұртты елең еткізді. 91 сағат қиранды астында қалған 3 жасар қызды құтқарушылар аман-есен шығарып алған. Дәрігерлер қыз баланың жағдайы тұрақты дейді. Қазір күл талқаны шыққан екі ғимаратта іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Сондай-ақ, зілзаладан кейін тағы 1713 мәрте дүмпу болғаны анықталып отыр.
Еске салайық, 30 қазанда Түркияда 6.6 балдық жер сілкінісі болған. Эпицентр - Измир провинциясының Сеферихисар қаласы. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 76 адам қаза тапқан. Көптеген адам баспанасыз қалған. Жер сілкінісі салдарынан Измирдегі 20-дан аса ғимарат зардап шеккен.