«Алматыға кіріп-шығуға шектеу қойылды»: әкімдік хабарламаға қатысты пікір білдірді

14.06.2020 16:31

Алматы әкімдігі күмәнді дереккөздерге сенбеуді сұрайды

Алихан Сариев

Алматы әкімдігі WhatsApp әлеуметтік желісінде тарап жатқан қалаға кіріп-шығуға тыйым салынды деген хабарламаның жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Карантинді қатаңдатуға байланысты мессенджерлерде таратылып жатқан Алматыға кіруге және шығуға шектеу қою туралы хабарлама шындыққа сәйкес келмейді», - деп атап өтті әкімдік өкілдері.

Алматы әкімдігі күмәнді дереккөздерге сенбеуді және almaty.gov.kz сайтында жарияланатын ресми деректерді ғана пайдалануды сұрайды.