Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар пайда болды

Almaty TV
Almaty TV

2023 жылы 25 түрлі жануардан 80 төл алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы хайуанаттар бағы жануарлармен толықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Кірекей ақ аю, зебра, Амур жолбарысы, ұрғашы шимпанзе және қызғылт фламинго. Бұл туралы Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлады.

Басқарма басшысы Ғани Майлыбаевтың мәліметінше, 2023 жылы хайуанаттар бағындағы 25 түрлі жануардан 80 төл алынған. Олардың арасында көгілдір қой, Шетланд понидің құлыны, кенгуру, кірпі, лемур, теңбіл бұғы, үй қодасы, Чапман зебрасы, су сиыр, қозықұмай, құмай, жапон тырнасы, тау қазы, африкалық улы сұр жылан, шығыс колобусы және т.б. бар.

Әсіресе "Пурга" атты ақ кірекей көптің назарын аударды. Қазір ол 6 жаста, екі бассейні бар жарты гектарға жуық кең қоршауда тұрады.

- Біз бұл осы сәтті ұзақ күттік. Ақ қонжықты іздеуге және оны Алматыға жеткізу туралы келіссөздерге екі жарым жылға жуық уақыт кетті. Ақыры ақ кірекейді тегін алдық. Қазір Швеция хайуанаттар бағының бірімен Пургамыздың жұбын әкелу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз, – деді Ғани Майлыбаев.

Бүгінде Алматы хайуанаттар бағына келушілерге ұнаған Паша есімді еркек шимпанзе өткен жылы Лола аттты жұбын тапты, ол да Пургу сияқты Мәскеуден жеткізілді. Алғашында маймылдар бөлек өмір сүріп, бір-бірін сырттан бақылап жүрді. Қазір олар бір-біріне үйреніп, дос болды. Дәл осындай Урман жолбарысына ұрғашысы таңдалды. Сонымен қатар, хайуанаттар бағы Грант зебраларымен толықты, олар піл, су сиыр және бөкендермен бірге 2024 жылдың соңында құрылысы басталатын «Африка саваннасын» мекендейді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Алматы хайуанаттар бағының мамандары Нарынқол ауданы Сарыбастау ауылының маңында әлсіреген еркек қар барысын құтқарды. Үш айға жуық емдеуден және күтімнен кейін жануар Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағына жіберілді.

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы: республикалық қордан 9 мыңнан астам қосымша вакцина бөлінген

Новости партнеров