Биыл қосымша жеке балабақшалар ашылды
Бостандық ауданында 500 орындық 2 емхана салу жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Бір емхана Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабекова көшесінің қиылысында, екіншісі - Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында бой көтереді.
Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин атап өткендей, екі нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жыл соңына дейін мемлекеттік сараптама алынады деп күтілуде.
Сондай-ақ емхананың №4, №12 емханалардың балалар бөлімшесі корпусына күрделі жөндеу жоспарланған.
Балалардың шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы қабылдау бөлімі корпусының құрылысы жалғасуда.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Бостандық ауданында 8000 орындық 5 жаңа мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде: "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Егізбаев 9 мекенжайда 2500 орындық , Розыбакиев – Левитан көшелерінің қиылысында 1500 орындық және Розыбакиев – Қожабеков қиылысында 2000 орындық мектеп салынады.
Әлеуметтік жауапкершілік аясында "РАМС Қазақстан" Құрылыс компаниясы 2024 жылдың соңына дейін РАМС City аумағында 1100 орындық мектеп пен 240 орындық 2 балабақша салуды жоспарлауда.
"АДК" со ауданында "BAZIS" құрылыс компаниясы қыркүйек айынан бастап 900 орындық мектеп салу үшін "Конкрит продакшн" ЖШС зауытын бұзуда.
Сондай-ақ №65 мектеп қосалқы нысанының, сөйлеу қабілеті төмен балаларға арналған №9 арнайы түзету мектеп-интернатында асхана мен оқу блогының құрылысы аяқталды.
Орбита-3 шағын ауданындағы №145 мектепті сейсмикалық күшейту, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады.Бостандық ауданының әкімі атап өткендей, биыл қосымша 603 орындық 15 жеке балабақшалар ашылды.
Оқи отырыңыз: Алматыда тозығы жеткен жылу желілері қашан жаңартылады