Алматыда «түнгі көбелектер» ұсталды

01.12.2023 16:58

"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтті

Сурет: polisia.kz

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жеңіл жүрісті қыздарды анықтады.

 – Қонақ үй кешендерінің бірінде жыныстық қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында Өзбекстанның екі азаматы бар. Полиция департаментінің қабылдап-таратуына орталығына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екі шетелдік әйел орналастырылды. Сонымен қатар ғимарат иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабы бойынша материал жиналды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. 

Естеріңізге сала кетейік 20-30 қараша аралығында құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидатын күшейту және көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қалада кең ауқымды "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы өтті.

Оқи отырыңыз: Алматы полицейлері қашқын жүргізушіні ұстады