|
07.09.2023 | 11:35
1974

Алматы қаласының Жетісу ауданында су құбыры мен кәріз салынады

Маусым айында мердігерлермен келісімге қол қойылды

Алматы қаласының Жетісу ауданында су құбыры мен кәріз салынады Алматы қаласы әкімдігінен

Жетісу ауданында 80 км сумен қамту және 71 км кәріз желілерін салу бойынша екі жаңа ірі жобаны іске асыру басталды. Бұл туралы тұрғындармен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Биыл біз 14 км сумен қамту және 18 км су бұру желілерін салуға ниеттіміз. Маусым айында мердігерлермен келісімге қол қойылды. Бірінші жоба бойынша Кемел шағынауданында жалпы ұзындығы 69 км жобаны іске асыру үшін «АлматыИнжСтрой» компаниясымен, екінші жоба бойынша ұзындығы 82 км желілерді салу үшін мердігер «НКО» ЖШС анықталды», - деді әкім.

Жобаларды іске асыру Кемел шағынауданын, Солтүстік айналымның шығыс бөлігі мен Палладин көшесіндегі сайды орталықтан сумен жабдықтау және су бұру желілерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыстар 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир