2024 жылы Алматыда қанша кәсіпорын ашылады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Инновациялық технологиялар паркі» аймағында 311 жұмыс орны ашылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келесі жылы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында жалпы сомасы 12,2 млрд теңге болатын инвестицияны тарта отырып, 311 жұмыс орны болатын бес жобаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Телекоммуникациялық жабдықтар өндіретін зауытқа 800 млн теңгеге инвестицияланады, қуаттылығы жылына 1 млн бірлік өнім шығарады және 120 жұмыс орны құрылады. Құны 1,7 млрд теңге, қуаты жылына 500 мың бірлік, 45 жұмыс орны болатын иммунолюминесцентті тест-жүйелерін  өндіретін қоймалары бар кешен. Құны 1,5 млрд теңге, қуаты жылына 50 мың бірлік, 40 жұмыс орны ашылатын медициналық техника өндіретін зауыт. Құны 1,5 млрд теңге, қуаты жылына 50 мың бірлік, 50 жұмыс орны болатын медициналық жабдықтар шығаратын зауыт. Құны 1,3 млрд теңге, қуаты жылына 100 мың бірлік, 45 жұмыс орны құрылатын құрал-саймандар, аппараттар мен жабдықтар шығаратын зауыт.

2025 жылы арнайы экономикалық аймақта жалпы құны 11,6 млрд теңге болатын және 417 жұмыс орны ашылатын картридждер, медициналық жабдықтар, медициналық және фармацевтикалық бұйымдар шығаратын жобаны іске қосу көзделеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы қашан басталады

Новости партнеров