Алматыдағы екі жолайрық пен екі көшені ұзарту жұмысы қашан аяқталады

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол инфрақұрылымын дамыту аясында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жолайрықтар салу, магистральдық жолдар мен радиалды көшелерді ұзарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

2024 жылдың соңында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында жолайрық ашу жоспарланып отыр. Жоба аясында Сейфуллин даңғылында көліктердің кедергісіз жүруі үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі түнел салу көзделген. Жансүгіров көшесінде 4 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынып, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған.

Биылғы 3-тоқсанда Саин көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысындағы жолайрықты ашу жоспарланған. Бұл «жоңышқа жапырағы» типтес жолайрық, түрлі бағыты әрі кіреберісі болады. Ұзындығы 2,3 км болатын тротуарлар мен веложолдар салу қарастырылған.

Бұған қоса, 2024 жылдың соңына дейін екі көшені ұзарту аяқталады. Біріншісі – Саин көшесінің бойымен Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жалпы жол ұзындығы 3,2 км. Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесі 30%-ға төмендейді деп болжанып отыр. Екіншісі – Абай даңғылынан Б. Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін. Жалпы ұзындығы 5,3 км болатын көшені ұзарту мегаполис орталығынан ҮАААЖ-дан батыс бағытта қосымша дәлізді қамтамасыз етеді.

Қазір Рысқұлов даңғылын Ф.Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту қолға алынған. Учаскенің жалпы ұзындығы – 2,3 км. Келер жылы Тілендиев көшесін Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін ұзарту басталады. Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Оның жалпы ұзындығы - 10,5 км. Дәл осы кезеңде Солтүстік айналма көшесін ұзындығы 1,2 км болатын қала шекарасына дейінгі ұзартуды бастау көзделген.

Новости партнеров