Мемлекет басшысы боранда халыққа көмекке асыққан жандарды наградаға ұсынды

ақорда
ақорда
Президент оларға шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Президенті боранда халыққа көмекке келген бірқатар қызмет өкіліне алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы екі жолайрық пен екі көшені ұзарту жұмысы қашан аяқталады

Новости партнеров