|
25.08.2023 | 11:40
2905

Алматыда тәжік ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі өтеді

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында режиссер Носир Саидовтың «Зеркало без отражения» көркем фильмінің көрсетіліп, екі елдің мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің кездесуі өтеді

Алматыда тәжік ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі өтеді Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі / Пресс-служба президента Таджикистана

26-29 тамыз аралығында Тәжікстанның мәдениет күндерін тойлау аясында Қазақстанда бірқатар мәдени-бұқаралық іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда Абай алаңында (Достық даңғылы мен Абай даңғылының қиылысы) Тәжікстан Республикасы Хатлон облысының төрағасы Саид Давлатали мырзаның қатысуымен тәжік ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі өтеді. 

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында режиссер Носир Саидовтың «Зеркало без отражения» көркем фильмінің көрсетіліп, екі елдің мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің кездесуі өтеді.

Бағдарламада сонымен қатар, Алматыда Тәжікстан Республикасының халық шығармашылығы, ұлттық киімдер, картиналар мен фотосуреттер көрмелерінің ашылу салтанаты көзделген.

Мәдениет күндерін тойлау Тәжікстан өнер шеберлерінің салтанатты концертімен аяқталады, онда ТР Мәдениет министрі Зульфия Давлатзода құттықтау сөз сөйлейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир