«Qoldaý»-да 10 мыңға жуық алматылықтар кәсіпкерлік негіздерін оқыды

17.05.2021 в 16:40

Кәсіпкерлік орталығының басты міндеті – кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға жан-жақты көмек көрсету

s-vesti.ru

«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының қызметі басталғаннан бері (2019 жылдың қыркүйек айынан бастап) кәсіпкерлік негіздеріне 10 мыңға жуық тыңдаушы оқытылды, 105 мыңнан астам кеңес беру қызмет көрсетілді, 88 жоба 44,3 млрд теңгеге қаржыландыруға дейін сүйемелденді, 678 рұқсат құжаттарын алуда көмек көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың басынан «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы 2 753 ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді оқытты, 12 мыңнан астам кеңес беру қызметін көрсетті, 23 жобаны 2,1 млрд теңге сомасына қаржыландыруға дейін сүйемелдеді, 144 рұқсат құжаттарын алуға үлесін тигізді, 209 бизнес-жоспар әзірледі.

«Біздің орталық кәсіпкерлерге кешенді көмек көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейді - идеяның пайда болу сәтінен бастап, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, бизнес-жоспар жазу, кейіннен қаржыландыруды жұмылдыру, жобаны іске асыруға дейін сүйемелдеу. Сонымен қатар, біздің орталықтың менеджерлері жер, сәулет, инженерлік және қызметті лицензиялау мәселелері бойынша рұқсат құжаттарын алу бойынша кеңес береді. Салалар тарауында біз сүйемелдейтін жобалардың басым бөлігі жеңіл, тамақ, өңдеу өнеркәсібі, сауда және қызмет көрсету салаларына жатады. Біз көрсеткен кеңестердің нәтижесінде қалада тігін ательесі, білім беру орталықтары, кондитерлік дүкендер, кофеханалар, сұлулық салондары, үй жанындағы дүкендер, спорт клубтары және ішкі туризм, агробизнестегі инновациялар бойынша жобалар және т.б. ШОБ нысандары ашылды», деді «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары Серік Мамытов.

«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының басты міндеті – кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға жан-жақты көмек көрсету.

Теги: алматинцы