Алматының Наурызбай ауданында 900 жаңа видеокамера орнатылады

24.08.2023 16:43

Бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді

egemen.kz

Видеомониторинг жүйесін кеңейту жобасы бойынша Наурызбай ауданында азаматтар көп жиналатын жерлерде жыл соңына дейін 900 жаңа видеокамера орнату жоспарлануда.  Бұл туралы Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ішінде аулаларда - 565, қиылыстарда – 295, саябақтар мен скверлерде - 40 камера. Қала әкімі атап өткендей, бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.