2024 жылдың шілденің соңына дейін аяқтау жоспарлануда
Жайлы қалалық ортаны дамыту бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. Бұл туралы Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қарашаға дейін ауданда 3 жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне толық жөндеу жүргізіледі.
"Қыркүйекте Қарғалы өзенінің жағалауын көгалдандырумен, сыртқы жарықтандыру желілерін, балалар спорт алаңдарын орнатумен және бөгеттен Жандосов көшесіне дейін ұзындығы 7,7 км қоғамдық орындарды абаттандыруды бастауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылдың шілденің соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді қала басшысы.
3 учаскедегі жасыл желектерге тиісті күтім жасау үшін (Ақжар ш/а екі сквер және Алатау даңғ.) қыркүйектің соңына дейін ұзындығы 4 км автоматтандырылған суару жүйесін салу жұмыстарын аяқтайды.