Саялы шағынауданында 160 балаға арналған балабақшаның құрылысы басталды

Саялы шағынауданында 160 балаға арналған балабақшаның құрылысы басталды
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының халқымен өткен кездесуде айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Саялы шағынауданында 160 балаға арналған балабақшаның құрылысы басталды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының халқымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі уақытта Зерделі шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. 2023 жылдың наурыз айында аяқтау жоспар бар. Балаларды сыныптан тыс оқытумен қамту көлемін одан әрі арттыру үшін қазіргі уақытта көпсалалы Инновациялық шығармашылық орталық (Оқушылар сарайы) салынуда. Оған 5 мыңнан астам бала баратын болады. Құрылысы 2023 жылдың II тоқсанында аяқталады», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар Қарасу тұрғындарының тілектерін ескере отырып, шаһар басшысы Мәдениет үйінің ғимаратын сатып алу туралы тапсырма берді. Қажетті қаржы (483 млн. теңге) бөлінді, ғимаратты сатып алу жұмыстары жүріп жатыр.

«Жыл соңына дейін онда кемінде 10 шығармашылық және білім беру секциясын ашамыз және күн сайын 150-ге жуық бүлдіршіндеріміз осы секцияларға қатыса алады», - деді Ерболат Досаев.

Новости партнеров