Әуезов ауданында 30 аула жөнделді – Ерболат Досаев

dreamstime.com
dreamstime.com
108 үйде 205 лифт ауыстырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылы 167 аула аумағын жөндеу жұмыстары басталған. Оның ішінде, 9 және 11 шағынаудандағы 30 аула аумағы толықтай жөнделген. Бұл туралы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Резеңке жабынды төсеу кезінде ауаның температуралық режимін сақтау қажет, сондықтан Жетісу-1,2,3,4, №8,10-шағынаудандағы қалған 137 ауланы осы жылдың маусым айында аяқтаймыз. Осы жылғы қараша айының соңына дейін №7 және 12-шағынаудандардағы 24 ауланы да қосымша жөндейміз", – деді қала әкімі.

Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасы аясында 2022 жылы 40 үйдің жалпыға ортақ жері жөнделіп, Әуезов ауданындағы 108 үйде 205 лифт ауыстырылған.

"Осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Биыл Әуезов ауданындағы 12 үйдің шатыры, 8 үйдің инженерлік желілері жөнделіп, 32 үйде 65 лифт ауыстырылады", – деді Ерболат Досаев.

Новости партнеров