|
06.07.2023 | 08:40
3633

Алматыда Елорда күні қалай тойланады

Мерекелік іс-шара қаланың барлық ауданында өтеді

Алматыда Елорда күні қалай тойланады коллаж Almaty.tv.

6 шілде күні Абай алаңында сағат 20:00-де Астананың 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сахнада Луина, Ziruza, Akim, Kyle Ruh, Bonapart, C.C.Tay, Malika Yes, Aya Funk, Rin'Go, «Жігіттер», «Бақай» тобы және т.б. өнер көрсетеді.

Елорда күнін тойлау аясында қалада флешмобтар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, дәрістер, экспозициялар мен поэзия кештері өтеді.4 шілде күні, сағат 19:00-де Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайында Made in KZ тобының қатысуымен «Асқақтай бер, Астана» концерті болады. 5 шілде күні, сағат 14.00-де Alatau Creative Hub-та «Жарқырап, жайнай бер, Астана!» кітап көрмесі мен балаларға арналған зияткерлік ойын өтеді.

 Бұған қоса, мерекелік іс-шара қаланың барлық ауданында өтеді:

- Наурызбай ауданы: мерекелік концерт, 5 шілде сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығы, Шұғыла ш/а., 347/4;

- Алатау ауданы: концерт, 5 шілде сағат 17:00-де, Атлетикалық ауыл, Нұркент ш/а., 5/2;

- Түрксіб ауданында: Елорда күніне орай эстрада жұлдыздары мен көркемөнер ұжымдарының қатысуымен 5 шілде күні сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі Арбатта мерекелік іс-шара өтеді. Сағат 20:30-да ашық аспан астындағы фильм көрсетіледі;

- Әуезов ауданында: Астана күнін тойлауға арналған мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 11:00-де «Family» саябағында өтеді;

- Медеу ауданында: Елорда күніне орай шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт 6 шілде күні сағат 11:00-де Гоголь көшесі, 1 мекенжайындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді;

- Алмалы ауданында: Астана күніне арналған мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 17:00-де «MEGA Park» СОО аумағында өтеді.

- Бостандық ауданында: мерекелік концерт 6 шілдеде сағат 18:00-де Mega Center Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир