Өзгерістер 1 шілдеге жоспарланады
1 шілдеден бастап мегаполистің қалалық қоғамдық көлігінде қызмет көрсету тәсілдері өзгертіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданында автобустар мен троллейбустарға ерекше қажеттілігі бар адамдарға, қарттарға, жүкті әйелдерге және балалары бар жолаушыларға орын беруге шақыратын ескертулерді қосу туралы ұсынысына жауап беру кезінде айтты.
- 1 шілдеге дейін тәсілдерді өзгертуді жоспарлап отырмыз, атап айтқанда, қоғамдық көлікте қызмет көрсету қалай өтуі керек дегендей қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, - деді Ерболат Досаев.
Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданында жаңа емханалар ашылады