Наурызбай ауданында арық желісін жаңарту жұмысы жалғасады

29.02.2024 17:04

Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматыда 2024 жылы Қалқаман, Қарағайлы және Шұғыла шағынаудандарының 10 көшесінде 9 арық салу жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Қала басшысы 2023 жылы "Алма Сити-3" ТК су басу учаскесі жойылғанын, 600 метр арық желісі салынғанын атап өтті. Жалпы, Наурызбай ауданы бойынша 5 көшеде 6,6 шақырым арық салынды.

Сонымен қатар 2023 жылдың тамызында жасыл желектерді уақтылы күту мақсатында 4 учаскеде ұзындығы 4 км автоматтандырылған суару жүйесі салынды. 

- Биыл тағы 20 учаскені қамтуды жоспарлап отырмыз, - деп толықтырды Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданында қанша шақырым жол жөнделеді