«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына қатысуға және қаланы көркейтуге үлес қосуға ниет білдірген тұрғындардан өтініштің көп болуына байланысты Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Жақыныңа жәрдем бер» акциясын өткізу туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бастама ҰОС ардагерлері, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын жеке тұрғын үйлердің қоршауы мен үй маңындағы аумақтың эстетикалық күтімін жақсартуға бағытталған.
Бұл аумақтарда қоршауды, қақпаны сырлау, іргелес аумақты қоқыстан тазарту және осы сияқты т.б. жұмыстар жүргізу қажет.
Іс-шараға қаланың барлық тұрғыны қатыса алады. Қатысушыларға өтеусіз негізде қоршауды, қақпаны сырлауға арналған бояулар мен еріткіштер беріледі (бір адамға 2 келіге дейін бояу беріледі).
Ол үшін аудандық абаттандыру бөлімінің жауапты тұлғаларына жүгіну қажет. Науқанға қатысу үшін алдын ала тіркелудің қажеті жоқ.
Наурызбай ауданының оқушылары «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында мүгедектігі бар адамдар мен жалғызбасты зейнеткерлерге үйлердің аумағын тазалауға көмектесті. Сонымен қатар, олар өз күшімен қоршауды қалпына келтіруге, қақпаны бояуға, бақтар мен аулаларды тазартуға көмектесті.
Бояу алуға болатын мекенжайлар мен байланыс нөмірлері. Сондай-ақ осы нөмірлер арқылы көмекке мұқтаж адамдардың тізімін нақтылауға болады.
1. Алатау ауданы: Веселов көшесі, 18 «А» (Талғат +7 708 502 03 68);
2. Алмалы ауданы: Төле би көшесі, 67 (Нұрдәулет +7 775 888 77 55);
3. Әуезов ауданы: Мамыр-1 ш/а., 26/1 (Бауыржан +7 707 008 09 13);
4. Бостандық ауданы: Тәжібаев көшесі, 155 "А" (Лидия +7 777 684 99 44);
5. Жетісу ауданы: Тихов көшесі, 87 «А» (Нұрберген +7 747 772 74 78);
6. Медеу ауданы: Пушкин көшесі, 72 (Абылай +7 778 111 55 44);
7. Наурызбай ауданы: Байсұлтанов көшесі, (Оңалбек +7 707 300 03 55);
8. Түрксіб ауданы: Шолохов көшесі, 9 (Болат +7 747 139 93 60).
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.
Толық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.
Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.