|
16.11.2023 | 11:50
9046

Алматыда ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер орнатылды

Оның көлемі - 3 текше метр

Алматыда ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер орнатылды Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы тереңдетілген үлгідегі ҚТҚ жинауға арналған контейнерлерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінде мегаполистің Әуезов, Бостандық, Наурызбай аудандарында 214 жаңа контейнер орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

3 текше метрлік бұл контейнерлер қолдануға ыңғайлы, эстетикалық келбетке ие, кез келген климатқа бейімделген. Тығыз жабылатын қақпақтың арқасында жаңбыр мен қардың ішке енуі, қалдықтардың жинақталуы, жағымсыз иістің таралуы мүмкін емес. Ең бастысы, мұндай қоқыс салғыштарға құстар мен жануарлар жоламайды.

Еске салсақ, Алматыда тереңдетілген контейнерлер алғаш рет 2012 жылы орнатылды. Алғашқы үлгілер қорғаныш жабыны жоқ қара металдан жасалды. Ұзақ пайдалану салдарынан мұндай контейнерлер коррозияға ұшырады әрі жайсыз жағдайлардың болуы мүмкіндігін тудырды (ҚТҚ түсіру кезінде қоқыс шығаратын ұйымдардың қызметкерінің жарақат алуы, аулалардың санитарлық жағдайының нашарлауы және т.б.) және оларды ауыстыру қажет болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир