|
16.11.2023 | 12:30
2699

Мегаполистегі колледждің бірінде 2 студентке қылмыстық жауапкершілік тағайындалды

Олар жалған ақпарат таратқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мегаполистегі колледждің бірінде  2 студентке қылмыстық жауапкершілік тағайындалды elements.envato.com

Алматыда колледждің екі студенті полицияға жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Алматыдағы колледждердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама 13 қараша сағат 10:35-те келіп түсті. Қаланың төтенше жағдайлар және жедел қызметтері дереу ғимарат пен оның маңайына комиссиялық тексеру жүргізді, нәтижесінде жарылғыш құрылғылар, жарылғыш заттар, оқ-дәрілер немесе басқа да қауіпті заттар табылмады. Жалған ақпарат берді деген күдікпен аталған оқу орнында 1-курс оқитын екі студент ұсталды. Олар – 16 жастағы Ж. есімді және 15 жастағы Т. есімді студенттер. Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы жалған хабарлау) сараланған. Айғақты заттар тәркіленді, олар бойынша сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Алматы полициясы жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын тағы да еске салады. ҚР-ның жаңа ҚК-нің 273-бабының нормасына сәйкес, алдағы лаңкестік актісі туралы жалған ақпарат беру бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир