|
17.07.2020 | 11:51
4160

Ақтаудан Алматыға жеткізілген «Симба» есімді арыстан бірден карантинге жабылды

Желідегілер белсенді түрде «Симбаның» орнын талқылауға кірісті

Ақтаудан Алматыға жеткізілген «Симба» есімді арыстан бірден карантинге жабылды Instagram

Ақтаудан Алматыға жеткізілген «Симба» есімді арыстан бірден карантинге орналастырылды. Бұл туралы бұрын хайуанаттар бағының директоры болып жұмыс істеген «Kazakh Tourism» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Еркінбаев мәлімдеді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Симба Алматыға аман-есен жеткізілді! Ол карантиндік шаралар қабылдап жатқан кезде, біз оны орналастыратын орынды қарастырып жатырмыз! @snowleopard_kz тез және ең ыңғайлы шешімді таңдауда. Мәселен экспозициялық әйнекті қолданған дұрыс па әлде әдемі заманауи торды қолданған дұрыс па дегендей», – деп жазды Ерлан Еркінбаев өзінің instagram парақшасында.

Желідегілер белсенді түрде «Симбаның» орнын талқылауға кірісті. Оқырмандар пікірі екіге бөлінді. Олардың басым бөлігі торды қолдайтынын айтса, бірі әйнектің дұрыс екенін жазған.

«Әйнек болған жақсы себебі біздің қоғамда жануарларды тамақтандыруға болмайды дегенді түсінбейтін адамдар өте көп. Иә, шыны болғаны дұрыс», – деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласына жақын жердегі Ақшұқыр ауылында тұрғындар еркін жүрген арыстанды видеоға түсіріп алған болатын. Кейін өңірлік полиция жырқыштың елді мекенде қайдан пайда болғанын анықтауға кіріскен еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир