|
01.11.2023 | 11:52
933

«Медеу» мұз айдынында жаңа маусым қашан ашылады

Ашылу салтанатына дайындық жұмыстары жүріп жатыр

«Медеу» мұз айдынында жаңа маусым қашан ашылады Сурет: М. Горбоконенко

Медеу мұз айдынында конькимен сырғанау маусымы 15 қарашада ашылады. Бұл туралы мұз айдының баспасөз қызметі әлеуметті желіде мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Медеу» мұз айдыны басшылығының мәліметінше, қазіргі уақытта ашылу салтанатына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 

Қазіргі кезде біз ашылу салтанатына дайындалып жатырмыз!

 - Достар! Бүгін сіздерге қуанышты жаңалық хабарлағамыз келеді. "Медеу" мұз айдыны өз есігін 15 қарашада айқара ашады. Қазіргі кезде біз ашылу салтанатына дайындалып жатырмыз! Нысанда дайындық жұмыстары аяқталып, мұз құйыла бастады, - деп жазды желіде «Медеу» мұз айдынының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Медеуде жауған қардың видеолары пайда болған еді.

Сондай-ақ таудан құлаған тастардың салдарын жоюға байланысты Медеу-Шымбұлақ автожолымен өтудің режимі белгіленген болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұмыссыздарды тіркеу ережесі өзгерді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Маусым
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир